8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
Lrc_colleg@mail.ru
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Жаңалықтар

  2023 жылдың 28 қарашада Жоғары медициналық колледж кітапханасында республикалық "Бір ел - бір кітап - 2023" акция аясында жазушы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіковқа арналған "Тұғыры биік - Төлен" атты көрме жасалып, 21 е/і тобының қатысуымен оқырмандар конференциясы өтті, шығармалары таныстырылып талқыланды.

 

  2023 жылдың 22 қарашасында Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжі» МКҚК-да қолданбалы бакалавриат бойынша білім беру мекемесінің жұмыс жоспарына сәйкес, ҚР Жоғары медициналық колледждері өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізілді.

  Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды: Қолданбалы бакалавриат бағдарламасы бойынша студенттерді бітіру және қабылдау туралы жалпы мәліметтер. Қадышева И.В. – директордың басқару және даму жөніндегі орынбасары Жұмыс тәжірибесінен «Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері» шеберлік сабағы. Хамитова Альбина Гариффулқызы – Батыс Қазақстан жоғары медициналық мектебінің арнайы пәндер оқытушысы.

  Ақтөбе жоғары медициналық колледжінде қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасы студенттерінің ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру. Әдістемелік кабинет меңгерушісі Әсемгүл Асқанқызы Батырова, арнайы пән оқытушысы Дементьевская Наталья Викторовна.

  Жиынды «Қолданбалы бакалавриат» білім беру мекемесінің төрайымы, Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледжі» ММ-нің директоры Саржанова Ақбала Нұрсейітқызы құттықтау сөзімен ашты. Баяндама барысында спикерлер түлектерді жұмысқа орналастыру, курстық жұмыстар, студенттердің ғылыми-зерттеу қызметі және т.б. мәселелерін көтеріп, талқылады.

  21.11.2023ж. Жоғары медициналық колледждің кәмелеттік жасқа толмаған  білім алушылары арасында «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы әлімжеттіліктің (буллинг) алдын алу» атты тақырыпта дәріс оқылды. 
  Астана қаласы әкімшілік полиция басқармасының бастығының орынбасары, полиция полковнигі Уваев Нурлан Серикович, Астана қаласы «Алматы» ауданы ПБ ЖПҚБ ЮПБ инспекторы, полиция капитаны Айгерім Маратқызы Даркембаева білім алушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу, оның ішінде жастар арасында белең алып отырған әлімжеттілік (буллинг)  жайлы түсіндірме  жұмыстарын жүргізді. Студенттер тарапынан қойылған сауалдарға жауап  берді. Шара соңында естелікке суретке түсті.

  18.11.2023 ж. Жоғары медициналық колледж студенттері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Право» ҚҚ ұйымдастыруымен оқу орындары студенттерінің арасында өткен қалалық суреттер байқауына 12 м/і тобы білім алушысы Ерёменко Мадина, 32 м/і тобы студенті Иванющенко Диана қатынасып ІІ – орын, 80 000 тг.Сертификатпен марапатталды. Құттықтаймыз!

  16.11.2023ж. Жоғары медициналық колледждің «Саналы ұрпақ» клубы мүшелері жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткізілген  қалалық «AntiParaCraft - 2023» QUIZ интеллектуалды сайысына қатысып, «Алғыс хатпен» марапатталды. Жарайсыңдар!

2022-kz.png
© Copyright 2023 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж