Студенттік өзін-өзі басқару
"ATLANT" cтуденттік Парламент ұйымының 2023-2024 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
Парламенттің мақсаты мен міндеттері
Парламент мақсаты: жастардың табысты әлеуметтенуі және өзін-өзі тиімді жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, сондай-ақ туындайтын мәселелерді білім алушылардың өз бетінше шешуі үшін мүмкіндіктер жасау.
Парламент міндеттері:
1) білім алушылардың шығармашылық белсенділігін және өз бетінше әрекет етуін іске асыру;
2) білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оның ішінде білім беру, әлеуметтік-тұрмыстық және олардың мүдделерін қозғайтын өзге де мәселелерді шешуге көмек көрсету болып табылады;
3) білім беру ұйымының басшылығына білім беру және ғылыми міндеттерді шешуде, білім алушылардың бос уақыты мен тұрмысын ұйымдастыруда, салауатты өмір салтын насихаттауда көмек көрсету;
4) білім беру ұйымдарына білім беру және тәрбие процесі шеңберінде өткізілетін іс-шараларға көмек көрсету;
5) білім беру ұйымының рухы мен дәстүрлеріне патриоттық қатынас жасауға, білім алушылардың санасын және олардың өз білім деңгейіне талап етуін арттыруға, мүлікке ұқыпты қарауға тәрбиелеуге бағытталған жұмыстар жүргізу;
6) білім алушыларды білім беру ұйымының қызметі туралы хабардар ету;
7) қазақстандық қоғамды дамытудың нақты күші және стратегиялық ресурсы ретінде жастар туралы қоғамдық пікір қалыптастыруға қатысу;
8) жастардың қоғамдық маңызы бар бастамаларын іске асыруға көмек көрсету болып табылады.
9) Білім беру ұйымдарында Парламент қызметі өңір мен білім беру ұйымының ерекшелігін ескере отырып айқындалатын басқа да міндеттерді шешуге бағытталған.
Парламент құрылымы 8 фракциядан тұрады:
- Құқық және тәртіп фракциясы.
- Ақпарат фракциясы (мектептің баспасөз қызметі).
- Спорт және салауатты өмір салты фракциясы.
- Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы (психология).
- Қамқорлық фракциясы (еріктілік).
- Мәдениет және өнер фракциясы (музыкалық, көркем шығармашылық).
- Дебат қозғалысының фракциясы.
- Экология және еңбек фракциясы.
- Бердібай Сапарбек Мұхтарұлы – «Студенттік Парламент» президенті – 121 «Медбикелік іс» қолданбалы бакалавр тобы студенті;
- Нұртай Жансая – «Құқық және тәртіп» фракциясының көшбасшысы, 134 «Медбикелік іс» тобы студенті;
- Орақбаева Тоғжан Бақытжанқызы – «Ақпарат» фракциясының көшбасшысы, 121 «Медбикелік іс» қолданбалы бакалавр тобы студенті
- Ибатова Калия Бигалиевна – «Спорт және салауатты өмір салты» фракциясының көшбасшысы, 121 «Емдеу ісі» фельдшер тобы студенті
- Табай Әсем Әріпқызы – «Мәдениет және өнерә фракциясының көшбасшысы, 123 «Медбикелік іс» тобы студенті;
- Турысбекова Аяжан Каламбековна – «Дебат қозғалысы» фракциясының көшбасшысы, 123 «Медбикелік іс» қолданбалы бакалавр тобы студенті
- Ермекбай Айжарқын Жаңабайқызы – «Дебат қозғалысы» фракциясының көшбасшысы, 131 «Акушерлік іс» тобы студенті;
- Сейдалы Мақсат Бөріұлы – «Қамқорлық» (еріктілік) фракциясы көшбасшысы, 121 «Емдеу ісі» фельдшер тобы студенті
- Төлеген Медина Талғатбекқызы – «Өзін-өзі тану және бақыт» фракциясының көшбасшысы, 121 «Емдеу ісі» фельдшер тобы студенті;
- Абдулахат Аяулым Қалаубекқызы – «Экология және еңбек» фракциясының көш басшысы, 134 «Медбикелік іс» тобы студенті.