Ұйымдастыру-педагогикалық бағыт
Колледж миссиясы- қаланың және өңірдің еңбек нарығында талап етілетін құзыреттілік әдіс негізінде бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды мақсат тұтқан Халықаралық стандарттарға бағытталған жоғары сапалы білім беру қызметін ұсыну.
Сапа аясындағы стратегиялық мақсаттар
- Білім беру қызметі сапасына және оларды ұсыну амалдарына әсер ететін барлық үрдістерді мақсатты түрде және келісілген түрде басқаруға қолжеткізуге мүмкіндік беретін ҚР ИСО 9001-2016 СТ талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін үнемі жетілдіріп отыру.
- Ғылым, тәжірибенің және нарық сұраныстары өзгерістерінің даму қарқындылығына сәйкес біліктілік әдісі негізінде білім беру қызметі мазмұнын үздіксіз шығармашылық тұрғыда жетілдіріп отыру, тиімді білім беру технологияларын қолдану.
- Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 5 институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» атты Ұлттық жоспары (79-қадам) – ағылшын тілінде оқытудың орындалуы.
- Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы:
– ҚР 2020-2025 жылдарға арналған білім және ғылым беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының бағыттары бойынша: кәсіптік білім алу үшін жағдай жасау арқылы жастар әлеуметтік-экономикалық ықпалдастығы; оқу орындары беделін арттыру; білім алуға қолжетімділігін және кадрларды дайындау сапасын қамтамасыз ету;
– 2020-2025 жылдарға арналған “Денсаулық” Денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықты нығайту, қауіп факторларын алдын алу, санитарлық және әлеуметтік әл-ауқатты қамтамасыз ету;
- Оқытушылық құрамның кәсіби біліктілігі деңгейін арттыру және оның қызметін ұйымдастыру үшін мотивация қағидалары мен әдістерін жетілдіру.
- Ақпарат алмасу, білім беру үрдісінің нәтижесіне талдалдама жасау үшін қызметкерлердің АКТ құзыреттілін жетілдіру, білім бері үрдісінің тиімділігі және ашықтығы үшін барлық мәліметтер базасын кіріктіру.
- Қызметкерлер мен білім алушылардың жұмыс жағдайлары мен оқу-материалдық базасын толықтыру және жаңарту.
- Білім беру қызметтері сапасының мемлекеттік стандартқа сәйкестігіне қолжеткізетін тұтынушыларға орасан зор тұрақтылық пен алдын ала болжам жасау есебінен колледждің инвестициялық мүмкіндіктерін арттыру.
- Мамандар даярлау үрдісінде колледжде медициналық білім беру ұйымдарымен кіріктіру, біріккен жобалар мен білім беру бағдарламаларын, оның ішінде халықаралық қатысулармен жүзеге асыру.
Қызметтің басты бағыты: ұйымдастыру –педагогикалық, оқу-әдісетмелік, эксперттік-диагностикалық.
- Жаңадан келеген оқытушылармен таныстық, олардың шығармашылық потенциалын, әрбір оқытушының қызметтік жобасын анықтау (ЖОМ, ЦӘК хаттамалары).
- 2022-2023 оқу жылына колледждің жұмыс Жоспарын бекіту. (31.08.2022 ж. №1 педагогикалық кеңес хаттамасы)
- Студенттерге білім мониторингін жүргізу (педагогикалық кеңес хаттамасы).
- Студенттердің білімі мен қасиеттерінің қалыптасуы
- Оқытушылардың тиімді қызметін белгілеу үшін таңдалған педагогикалық технологияларын, біліктілікті арттыру курстарын, оқытушылардың өзін-өзі жетілдіру жоспарын орындау нәтижесін оқу тәжірибесінде жинақтау.
- «Оқуға студенторталықтандырылған концепциясын» жүзеге асыру. (аттестация аясында колледждің ашық есік күні)
- Бірінші курс студенттері арасында моральдық-психологиялық жағдай құру мәселесіне ерекше назар аударылады.
- Колледждің педагогикалық ұжымының әдістемелік тақырыбы, жоспарланған оқытуды жүзеге асырудағы құрылған шарттар, өзіндік білімді жетілдіру,оқытушылардың және студенттердің зерттеу жұмыстыры,ғылыми-тәжірибелік конференцияларға белсенді қатысуын талап етеді.
- ҚР 2020., 2022 ж. МЖБС сәйкес Мемлекеттік аттестация нәтижесі, ағымдық, ауысымдық емтихандар өткізу үшін білімді бақылау кешендерін қарастыру және бекіту мәселелері әрқашан назарда болады. (әдістемелік кеңес хаттамасы)
- Оқытушылардың авторлық бағдарламалары, ОӘК бойынша топтардың шығармашылық жұмыстарына қолдау көрсету. (әдістемелік кеңес хаттамасы)
Позитивті тенденция (үдеріс, беталыс)
- Біліктілігін арттыратын оқытушылардың санын көбейту;
- Жоғары және бірінші санаттағы оқытушылардың үлесінің өсуі;
- Заманауи оқыту технологияларының элементтерін пайдалану;
- Баспасөз қызметінің белсенділігі.
Жұмыстың бағыты:
- Жекелеген әдістемелік жұмыс;
- Пәндік циклдық комиссия;
- Жас оқытушылар мектебі (әріқарай ЖОМ);
- Тәлімгерлер мектебі;
- Оқытушылардың біліктілігін арттыру;
- Оқытушылардың аттестациясы;
- Инновациялық технологияларды кіріктіру;
- ҚР Медбикелік іс реформасы аясында ҚР МЖМББС құрастыруы бойынша, түлектердің тәуелсіз емтихан тесттеріне сараптама жасау үшін жұмыс топтарының қызметі;
- Колледждің әдістемелік кеңесі
Әрбір деңгей бойынша Жұмыстың әсерлі түрлері мен әдістері:
- Жекелеген әңгімелесу мен кеңестер;
- Теориялық семинарлар (баяндамалар, хабарламалар);
- Ғылыми семинарларға, денсаулық сақтаудың әртүрлі аспектілері бойынша және пәндік семинарларға, әртүрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысу;
- «Кәсіпқор» ҰАҚ, БАИ және т.б. курсы арқылы оқып, Халықаралық деңгейдегі шебер-кластарға қатысып біліктілікті арттыру;
- Медицина және ғылымның психолгиялық-педагогикалық жетістіктері аясындағы заманауи жаңа әдістемелерді, технологияларды меңгеру және пайдалану;
- Циклдың комиссия деңгейінде: жекелеген ашылуларды, өзара сабаққа қатысуды, авторлық бағдарламаларды талқылау және баға беру, оқу құралдарын, оқу дициплинасының ОӘК, «білім кесіктері» нәтижелерін талқылау, студенттерге жүргізілетін тест сұрақтарын талқылау.
- Онкүндіктер
- Кәсіби конкурстар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар және т.б.