8(7172)33 15 67
Қабылдау комиссиясы
Lrc_colleg@mail.ru
E-mail
Астана, Ш.Құдайбердіұлы даңғ, 16

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар

29.12.2022ж. «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ-ның жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында ұйымдастырған сыбайлас жемқорлыққа байланысты карикатура салудан қалалық байқаудың қорытындысы бойынша марапаттау өтті. Колледждің 2 курс студенті Иванющенко Диана «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзекті сурет» номинация грамотасымен, колледж директорының ОТІ жөніндегі орынбасары Гулшарипа Ыбыханқызы «Алғыс хатпен» марапатталды. Құттықтаймыз!

09.12.2022ж. Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 09 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай 09.11 – 09.12. 2022ж. аралығында колледжде ұйымдастырылған айлық өз мәресіне жетті.

Айлық аясында өткен эсселер, үнқағаздар, бейне-ролик жариялау байқауларының қорытындысы шығарылды. Әділ қазылар құрамында «Astana – adalayq alany» жобалық кеңсе менеджері Әбуов Сәулет Нұрғазыұлы және «Колледж студенттері мен түлектер қауымдастығының заңды тұлғалар бірлестігі» жетекшісі Қайыржанов Аңсар Қадырбекұлы болды.

01.12.2022ж. Жоғары медициналық колледж студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткен кездесуде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігіні жанынан құрылған спикерлер пулының спикері – Шарипжанов Айдос Серғазыұлы, «Astana – adalayq alany» жобалық кеңсе менеджері Әбуов Сәулет Нұрғазыұлы және «Колледж студенттері мен түлектер қауымдастығының заңды тұлғалар бірлестігі» жетекшісі Қайыржанов Аңсар Қадырбекұлымен кездесті.

2022-kz.png
© Copyright 2023 site-pro.kz. All Rights Reserved.
  • Басты
  • Біз туралы
  • Талапкер
  • Студентке
  • Білім
  • Ғылым
  • Сұрақ-жауап
  • Жаңалықтар
  • Электрондық колледж