Ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әдіснамасы мен әдістемесін меңгеру және кәсіптік ғылымдар, оқытылатын оқу пәндері бойынша білімдерін жетілдіру мақсатында колледжде оқытушылардың жетекшілігімен 24 ғылыми үйірме жұмыс істейді (Студенттер мен оқытушылардың оқу-ізденіс жұмысын жүргізу туралы № 720 бұйрығы. 16.11.2021 ж.). Оқыту және ғылыми-зерттеу қызметімен қамтылған студенттердің жалпы саны 479 оқытушы мен студенттерді құрайды, бұл 44,1% құрайды.
2022 жылдың мамыр айында келесі бағыттар бойынша колледжішілік конференция өтті:1. Ғылым және оның қазіргі қоғамдағы рөлі;2. Қоршаған орта және халықтың денсаулығы;3. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау;4. Медициналық-әлеуметтік күтім.